Вопросы-ответы (каз)

Қазір біз БК-ге шаршы метр үшін 80 теңге төлейміз, әрі қарай осы БК-мен жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз. Егер 80 теңге басқарушы компанияны жалдауға кететін болса, онда төрағаның еңбегіне ақы төлеуге

Ортақ мүлікті басқаруға және күтіп-ұстауға арналған тарифті бекіту тәртібі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесінде, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін есептеу әдістемесінде егжей-тегжейлі түсіндірілген, оған сәйкес шығыстар сметасын бекіту кезінде кондоминиум объектісін басқаруға арналған қаражат 30% - дан аспайтындай және ортақ мүлікті күтіп-ұстауға 70% -ын құрайтындай бөлінуі қажет. Шығыстар сметасын есептеу негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері үшін тариф айқындалады, оны жалпы жиналыс бекітуі тиіс. Мысалы, егер ММБ БК-мен басқаруға шарт жасасуға шешім қабылдаса, мұндай жағдайда бухгалтер мен төрағаның қызметтеріне ақы төлеу алып тасталады. Басқарушы шарт жасасу үшін басқраушының сертификатын ұсынуы керек және сервистік қызмет субъектілерімен (клининг, сантехника, электрик және т.б.) өз бетінше шарт жасасуы тиіс. Басқарушы сервистік қызметтермен есеп айырысуды дербес жүзеге асырады. Егер мүліктің меншік иелері сервистік қызмет субъектілерімен тікелей шарттар жасасуға шешім қабылдаса, бұл жағдайда 30% басқаруға кетеді (банктегі шоттарға қызмет көрсету, төрағаның жалақысы, бухгалтердің қызметі, БЕО қызметтері, кеңсе шығыстары) және 70% сервистік қызмет субъектілерінен қызметтерді сатып алуға қалады. Бұл жағдайда басқарушы компанияның қызметі қажет емес, бұл рөл ММБ төрағасына беріледі. Заң бойынша басқару және сервис қызметтері бөлінген және БК тұлғасындағы бір заңды тұлға қызметтің екі түрін жүзеге асыра алмайды. Сервис қызметтері үшін сервистік қызмет бойынша шарттар жасау қажет.