Вопросы-ответы (каз)

Егер бір меншік иесінде пәтер, қойма және паркинг болса, онда ол 3 сауалнаманы толтырады. Тұрғындардың 70% - ы келушілердің жалпы санынан (922) немесе 614-тен (пәтерлер саны) сұралуы керек пе?

Ортақ мүлікті басқару және күтіп-ұстау жөнінде шешім қабылдауға пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері (тұрақ орындары мен қойма үй-жайлары қатыспайды) ғана қатысады, егер меншік иесінде, мысалы, бірнеше пәтер болса, онда оның тиісті дауыс саны болады. Қойма үй-жайы тұрғын емес үй-жайға жатпайды, өйткені тұрғын емес үй-жайдың жеке есігі және ҚНжЕ-ге сәйкес басқа да талаптары болуы тиіс. Егер жиналысқа пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайлардың жалпы санының жартысынан астамы қатысса, жиналыс шешім қабылдауға құқылы. Шешім дауыс беруге тікелей қатысқан пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде қабылданады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңының 42-1-баптың 2-тармағының  бойынша 8), 9), 10), 11), 12) 13) тармақшасында көзделген жағдайларда жиналыс пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы болған кезде шешім қабылдайды. Шешім пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамының келісімімен қабылданады. Осылайша, тарифтерді бекіту, күрделі жөндеуге қаражат бөлу, кондоминиум объектісінің құрамына өзгерістер енгізу, жалпыүйлік мүлікті жалға беру мәселелері бойынша шешім қабылдау бұл мәселемен келіскендердің 70% дауысы қажет.