14.09 күні жиналыс өткізілді. Енді сауалнамаларды ММБ-ның орталығына 14.10 күні алып келуіміз керек пе? Немесе кейінірек мүмкін бе? Егер кейінірек мүмкін болса, қашанға дейін мүмкін?
"Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚРЗ талаптарына сәйкес жазбаша сауалнама жиналыс жарияланған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде жүргізілуі тиіс("тұрғын үй қатынастары туралы"ҚРЗ 42-2-Б.3-т.). Меншік иелері сауалнама парақтарын ММБ орталығына әкелмейді. ММБ орталығы Нұр-сұлтан қаласындағы консультациялық-түсіндірме қызметі болып табылады және меншік иелерімен ХҚО-ға тапсыруы қажет құжаттарды, қорытындылар хаттамасын және жарғыны толтыру мен жасаудың консультациялық дұрыстығын айқындауға міндеттенеді.