Elorda Korshiler – пәтер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің көппәтерлі тұрғын-үйді дамытуға арналған қалалық бағдарлама
Мемлекет басшысының 01.09.2020 жылғы Жолдауының 143 тармағын орындау мақсатында жөндеуді қажет ететін тұрғын-үйлердің тізімі қалыптастырылуда

* Бағдарлама Үй кеңесі құрылған және басқару түрінің бірі (ПИК немесе ЖС) анықталған үйлерге ғана қарастырылған
Elorda Korshiler
Кез-келген көппәтерлі тұрғын-үй Сіздің армандаған үйіңіз болуы мүмкін.

Басты міндет - ортақ үйге қатысты мәселелерді шешу үшін барлық көршілерді біріктіру.

Үйді басқару және күтіп-ұстау мәселелерін тек біріге отыра шешуге болады.

«Elorda Korshiler» бағдарламасы тұрғын-үйді басқару мен күтіп-ұстаудағы мәселелерді шешу үшін көршілік тату қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған. Күнделікті біз кіреберістердің, төбелердің, қасбеттердің, инженерлік желілердің ескіріп жатқанын көреміз.

Көршілік құндылықтар мен өзара түсіністіктің жоқтығынан тұрғын-үй аз уақыт ішінде құлдырай бастайды.

Немқұрайлы иелер - біз ай сайын төлеп отырған қаражаттың дұрыс жұмсалмауы мен сапасыз күтіп ұстаудың себепкерлері.

Қатысу
Үйге қатысты шешімдерді КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРА БЕРУ, көппәтерлі тұрғын-үйлердің иелері мен онда тұрып жатқандарға кері әсерін тигізеді.
Еlorda Кorshiler бағдарламасына қатысуға дайынсың ба?
Бағдарлама Үй кеңесі құрылған және МИБ немесе ЖС басқару формаларының бірі анықталған үйлер үшін жарамды

МИБ- ПИК орнына келген үйді басқарудың жаңа түрі

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы бойынша қазақстандықтар үйді басқарудың заманауи нысанын – мүлік иелерінің бірлестігін таңдай алады


«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы бойынша қазақстандықтар үйді басқарудың заманауи нысанын – мүлік иелерінің бірлестігін таңдай алады

  • мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ);
  • жай серіктестік (ЖС)

*Ескерту. Реформа 07.01.2020 жылдан бастап жүзеге асырылуда және басқару нысанын таңдау үшін 01.07.2022 жылға дейін белгіленген мерзім бар

Еlorda Кorshiler бағдарламасына қатысуға дайынсың ба?